Оқиға

Қарағандыда қаржы пирамидасы туралы іс тергелуде

© Sputnik / Андрей Стенин / Медиабанкке өтуҚылмыстық іс
Қылмыстық іс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі уақытта күдіктіні қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін 50 азамат полицияға арыз берген.

АСТАНА, 24 қаз — Sputnik. Қарағанды полициясына 41 жастағы қала тұрғыны құрған қаржы пирамидасы туралы 50 адам арыз беріп шағымданды, қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды Қарағанды облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, Қарағанды облысы ІІД ҚК 217-бабы, 3-бөлігі, 2-пункті (аса ірі мөлшерде ақшаны немесе өзге мүлікті тарта отырып жасалған қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету) бойынша Қарағанды облысының 41 жастағы тұрғынына қатысты қылмыстық істі тергеуде. Ол "ФинансОптоГрупп" ЖШС жұмысын бірігіп жүргіземіз деп алдап, азаматтардан көп мөлшерде ақшалай қаражат жинап қаржы пирамидасын ұйымдастырған.  

Қазіргі уақытта күдіктіні қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін 50 азамат полицияға арыз берген. 

Тергеу ісі анықтағандай, әйелдің ешқандай кәсіпорыны болмаған, оны өндіріс базасы, құрылыс бригадаларының жоқтығы дәлелдейді. 2016 жылы 18 қазаннан бастап күдікті қамауға алынды.

 

 

 

Жаңалықтар
0