Саясат

Шетелдік делегациялар Астанадағы Сирия бойынша кездесуге ағыла бастады

© Sputnik / Ильяс ОмаровАстанадағы Сирия бойынша кездесу
Астанадағы Сирия бойынша кездесу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астанада болатын кездесуде қарулы қақтығысты тоқтату режимінің бұзылуын тіркеу тетігі талқыланады

АСТАНА, 14 ақп – Sputnik. Шетелдік мемлекеттер делегациялары Астанадағы Сирия бойынша кездесуге келіп жатыр деп хабарлады ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов. 

Сирия бойынша келіссөздер - Sputnik Қазақстан
Саясат
Сирия билігінің өкілдері 15-16 ақпанда Астанаға кездесуге келеді

Сириядағы ахуалды реттеу бойынша кездесу 15-16 ақпанға жоспарланған. Қазақстан СІМ бұдан бұрын мәлімдегендей, сириялық дағдарысты реттеудегі астаналық үдерістің аясында өткізілетін жаңа отырысқа үкімет пен қаруланған оппозиция делегациялары, БҰҰ арнаулы елшісі Стаффан де Мистура және АҚШ пен Иордания өкілдері шақырылған. 

"Қазіргі уақытта РФ, сириялық үкімет делегациялары Астанаға келді, Иран мен Иордания өкілдерінің келуін күтіп отырмыз", — деді Қайрат Әбдірахманов тілшілерге үкімет отырысы алдында. 

Министрдің сөзіне сүйенсек, кездесуде қарулы қақтығысты тоқтату режимінің бұзылуын тіркеу тетігі талқыланады, сондай-ақ осы режимді бұзушыларға қатысты санкциялар қолдану мәселесі қарастырылады.

Жаңалықтар
0