АСТАНА, 13 ақп – Sputnik. Дамаск 15-16 ақпан күндері Астанадағы Сирия бойынша кездесуге қатысады деп хабарлады САР-ның Мәскеудегі елшісі Рияд Хаддад РИА Новости агенттігіне.
Қазақстан СІМ сенбі күні сириялық дағдарысты реттеу бойынша астаналық үдеріс аясындағы жаңа отырысқа қаруланған оппозиция өкілдері, үкімет делегациясы, БҰҰ арнаулы елшісі Стаффан де Мистура, сондай-ақ АҚШ пен Иордания өкілдері қатысады деп хабарлаған болатын.
"Иә, біз қатысамыз", — деп елші сириялық биліктің кездесуге қатысатынын растады.
Оның айтуынша, билік өкілдері Астанаға дүйсенбі күні ұшып барады.
Сириядағы ахуалды реттеу бойынша кезекті кездесу 15-16 ақпанға жоспарланған.