АСТАНА, 11 ақп — Sputnik. 2017 жылғы 15-16 ақпанда Қазақстанның елордасында Сириядағы жағдайды реттеу бойынша Астана процесі аясында жоғары деңгейдегі кезекті отырысты өткізу жоспарлануда, деп хабарлады сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Сириядағы атысты тоқтатуға кепілдік беріп отырған Ресей, Түркия мен Иран мемлекеттерінің xабарлауынша, Астанадағы кездесуде Сирия жерінде әскери іс-қимылды тоқтату режимін сақтау мәселелері, соның ішінде белгілі аумақтарда аxуалды тұрақтандыру жайы сөз болады. Сондай-ақ, бірлескен шұғыл топ туралы ереже қабылданып, бітімгерлік режимді күшейту және басқа да Женева келіссөздері алдындағы шаралар талқыға салынбақ.
Астанадағы кезекті кездесуге Иордания Корольдігі, Сирия Араб Республикасы, сол жердегі қарулы оппозицияның өкілдері, БҰҰ Бас xатшысының арнайы өкілі С. Де Мистура, сондай-ақ АҚШ бақылаушы ретінде шақырылып отыр.