Экономика

Қазақстан үкіметі ЖІӨ-ні "санап шықты"

© Sputnik / Болат ШайхиновАқша
Ақша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2017 жылға арналған республикалық бюджет болжамы салық түсімі есебінен жарты триллионға арту жағына қарай нақтыланды

АСТАНА, 13 ақп — Sputnik. Дмитрий Покидаев. Ағымдағы жылы Қазақстанда жалпы ішкі өнімнің өсімі 2,5 пайызды құрайды, деп хабарлады  дүйсенбіде Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов.

Бұның алдында қазақстандық министрлер кабинеті ЖІӨ өсімі 1,9 пайыз көлемінде болады деп болжаған болатын. 

Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Елбасы шенеуніктерді "мемлекеттің әр тиынын үнемдеуге" шақырды

Сосын өткен жылдың қорытындыларын есептеп болған соң, Сүлейменовтың сөзіне қарағанда, үкіметте экономиканың бұрын есептелгеннен анағұрлым оптимистік екенін айқындайтын жаңа цифр "салынды".

 "ЖІӨ өсімі 2017 жылы 2,5 пайыз болады деп болжап отырмыз. Мұнай бағасының өсімі көтерілуі мен 2016 жылғы қайта есептеулер негізінде осындай болжамға келдік. Себебі 2016 жылы біз оны біршама аз деңгейде болады деп болжаған едік. Қазір статистиканы санауды аяғына дейін жеткізіп, мұнай мен металл бағасының өсімін көріп отырып, бұл бізге өсім береді деп жоспарлап отырмыз", — деді министр.

ЖІӨ өсімі = бюджет өсімі 

Мұнай және металлдар — бұл осы жылғы ЖІӨ өсімінің жалғыз қозғалтқышы емес: мұнайдан түскен табыс бюджетке емес, мұнай қорына кетеді, ол жерден бюджет белгіленген сома алады.  Бұл ретте Сүлейменовтың сөзіне қарағанда, негізінен елдің мұнай секторы есебінен толығатын республикалық бюджеттің кірістері де артады екен. 500 миллиардтан астам теңгеге. 

Бақытжан Сағынтаев - Sputnik Қазақстан
Экономика
Сағынтаев: инфляцияны ұстап, қаражатты игеріңдер

"Түзетілген макроэкономикалық болжам негізінде, сонымен қатар 2016 жылғы түскен салықтар қорытындылары бойынша 2017 жылға арналған республикалық бюджет параметрлері нақтыланды, — деп хабарлады депутаттарға ұлттық экономика министрлігінің басшысы. —  Республикалық бюджеттің кірісі 2017 жылы 4 триллион 891 миллиард теңге болады деп жоспарланып отыр, бұл бұның алдында бекітілген жоспардан 554 миллиард теңгеге көп", — деп нақтылады ол   2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңды таныстыру кезінде. 

Бұл ретте, негізгі түсім корпоративті кіріс салығынан (136,3 миллиард теңге), қосымша құн салығынан (132,5 миллиард теңге) және мұнайдың экспорттық кеден салығынан (185,3 миллиард теңге) түседі деп күтілуде.

Министрдің мәліметтері бойынша, Ұлттық қордан бағытталатын мақсатты трансфер 1 триллион 092,9 миллиард теңгеден 1 триллион 534,6 миллиард теңгеге, бюджет тапшылығы 969,8 миллиард теңгеден 1 триллион 547,9 миллиард теңгеге дейін артады. "Ұлттық қордан бағытталатын мақсатты кепілдендірілген трансферт 2 триллион 880 миллиард теңге көлемінде сақталады. Осыны қоса алғанда, республикалық бюджеттің 2017 жылғы шығысы 11 триллион 176,4 миллиард теңге деп белгіленді", — деді Сүлейменов.


Жаңалықтар
0