Саясат

Елбасы шенеуніктерді "мемлекеттің әр тиынын үнемдеуге" шақырды

© Sputnik / Болат ШайхиновНұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Назарбаев Қаржы министрлігіне мемлекеттік қаражатты үнемді әрі тиімді жұмсауды қатаң түрде тапсырды

АСТАНА, 3 ақп – Sputnik.  ҚР мемлекеттік қызметкерлері мемлекеттік қаражаттың "әр тиынын" үнемдеуі тиіс деп мәлімдеді Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қор биржасы - Sputnik Қазақстан
Саясат
Елбасы Қазақстан бизнесмендеріне жасалатын жасырын рэкет туралы айтты

"Бәріміз де мемлекеттік қызметкерлерміз. Мемлекетке, халыққа қызмет етеміз. Олай болса сол қызметімізді дұрыс атқарайық! Мемлекеттің әр тиынны үнемдеп, орынсыз шашпайық. Мұнымен жалғыз өзім айналысуым керек пе? Сендерге бюджет берілді, соны үнемдеуді ойлауға тиіссіңдер. Кім тиімді пайдаланса, соған беру керек", — деді Назарбаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Оның айтуынша, мемлекеттік ведомство қызметкерлер санын 10%-ға қысқартатын болса, үнемделген ақшаны үздік қызметкерлерге беріп, жалақысын көбейту қажет.

"Саған бір жолы мемлекеттік қаражатты тиімді жұмсау жолдарын іздеу керек деп айтқанмын. Міне, енді екінші рет ескерту жасап отырмын. Байқа, үшінші рет опық жеп қалуың мүмкін", — деді Назарбаев қаржы министрі Бақыт Сұлтановқа. 

Жаңалықтар
0