АСТАНА, 13 ақп – Sputnik. Павлодарда су құбыры магистралінде болған апаттан соң сумен жабдықтау қайта іске қосылды деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.
Оның мәліметінше, қазіргі уақытта апат салдарын жою жұмыстары аяқталып, тұрғын үйлерге су берілді. Су алып кеткен көшелердегі қозғалысты қалпына келтіру үшін қаланың коммуналдық кәсіпорындарының 11 көлігі жұмылдырылған.
Су басып кеткен үйлерде суды тартып шығару бойынша жәрдем көрсетілуде, аулаларды қалпына келтіру жұмыстары атқарылып жатыр.