АСТАНА, 13 ақп – Sputnik. Павлодардағы жылу желісіндегі ірі апатың себебін бір тәуліктен астам уақыт бойы іздеген. Осы уақыт бойы су қала көшелерін басты, апаттың салдарын жою әлі жалғасып жатыр.
Жексенбі күні таңғы сағат бестер шамасында Васильев көшесінің бойындағы құдықтан су көтеріліп, көшені басты. Қала әкімі баспасөз қызметінің хабарламасына сәйкес, құдықтың қақпасына мұз қатып қалып, төрт көпқабатты үйде суды жабуға тура келді, бүкіл қала бойынша су қысымы төмендеді.
Коммунал қызметтері, ТКШ жұмысшылары, ТЖ күштері қала әкімінің басшылығымен күні бойы апатты жоюға тырысқан. Бірақ оны жоя алмады. Жұмысқа 20 градустық аяз да кедергі болып тұр.
Оның үстіне құдықтардың жапқыштары тоңып қалып, олар жабылмай жатыр, салдарынан көшелердің көлік жүретін жолдары мен жеке секторды су басты. Үйлердің бірінің ауласы мен жер төлесін су басты.
Дүйсенбі күні таңертең апаттың себебін анықтау мүмкін болды. Абай мен П.Васильев көшелеріндегі жапшық істен шыққан. Оны ауыстыру үшін шығарды.