Оқиға

Қарағанды полицейлері жанып жатқан пәтерден ер адамды құтқарып алды

© Photo : ДВД Карагандинской областиҚарағанды полицейлері жанып жатқан пәтерден ер адамды құтқарып алды
Қарағанды полицейлері жанып жатқан пәтерден ер адамды құтқарып алды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қарағандыда үш полиция қызметкері жанып жатқан пәтерден ер адамды алып шыққан

АСТАНА, 13 ақп – Sputnik. Полиция қызметкерлері құтқарып алған ер адам пәтерден ес-түссіз жатқан күйі табылған әрі киімдерін өрт шала бастапты, ол ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды Қарағанды облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Көкшетауда әкімшілік ғимарат жанып жатыр - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Көкшетауда әкімшілік ғимарат жанып жатыр

Ведомство мәліметінше, 13 ақпан күні Қарағанды қаласы ІІБ жергілікті полиция қызметінің жол-патрулдік полиция қызметкерлері Жедел басқару орталығынан Гапеев көшесі 15 мекенжайы бойынша пәтерлердің бірінен өрт шыққандығы туралы хабар алған. 

Оқиға орнына полиция сержанттары Дүйсеков пен Нұрлан және аға сержант Төлеу жіберіледі. Полицейлер келген сәтте үйдің подъезді түтінге оранып, көршілер өртеніп жатқан пәтердің есігін бұзып кіргелі жатыр екен. 

"Полицейлер есікті бұзып кіріп, түтіннің арасынан пәтер иесін тауып алады. Ер адам ес-түссіз күйінде жатқан, киген киімі де тұтана бастапты. Полицейлер оны сыртқа алып шығып, алғашқы медициналық көмек көрсетті", — делінген хабарламада. 

Өрт сөндірушілер жеткенше, үй тұрғындары қауіпсіз жерге шығарылды. Денесін күйік шалған ер адамды жедел жәрдем бригадасы алып кеткен, ол қазір ауруханада жатыр. 

Жаңалықтар
0