АСТАНА, 13 ақп – Sputnik. Сақтандыру компаниясының кеңсесі орналасқан әкімшілік ғимарат дүйсенбі күні таңертең тұтанды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі оқиға орнынан.
Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент ТЖ туралы ешқандай түсініктеме берген жоқ, өрттің мән-жайы туралы ақпарат кейінірек беріледі деп хабарлады.

Көкшетауда әкімшілік ғимарат жанып жатыр
© Sputnik
Өрт шыққан жерге ТЖД бірнеше көлігі келіп, жедел жәрдем көліктері кезекте тұр. Зардап шеккендер мен құрбандар туралы хабар түскен жоқ. Сақтандыру компаниясынан басқа ғимаратта бірнеше фирманың кеңселері бар көрінеді.

Көкшетауда әкімшілік ғимарат жанып жатыр
© Sputnik
