АСТАНА, 13 ақп – Sputnik. Астанада дүйсенбі және сейсенбі күндері, 13-14 ақпанда терроризмге қарсы күрес бойынша арнайы қызметтердің оқу-жаттығулары өткізіледі деп хабарлайды елордалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Оқу-жаттығу шараларының мақсаты – террорлық сипатта қауіп төнген сәтте мемлекеттік органдар атқаратын іс-қимылдың алгоритмін өңдеу.
"Жекелеген аумақтарда халық пен көліктік құралдардың қозғалысы шектелуі мүмкін", — делінген хабарламада.
Қала тұрғындары мен қонақтарға сабыр сақтап, өткізілетін оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарауға кеңес беріледі.