АСТАНА, 13 ақп – Sputnik. Британ әншісі Аделдің Hello композициясы "Грэмми" бойынша "жыл әні" атанды, АҚШ дыбыс жазу академиясының 59-шы марапаттау салтанаты CBS телеарнасында көрсетілуде деп хабарлайды РИА Новости.
Жеңімпаздың атын канадалық әнші Селин Дион жариялады.
"Жыл әні" номинациясына Formation (Бейонсе), Love Yourself (Джастин Бибер), 7 Years (Lukas Graham) және Майк Познердің I Took a A Pill in Ibiza әндері ұсынылған болатын.