Мәдениет

Димаш Құдайбергенов Лара Фабианды дауысымен таң қалдырды

© Sputnik / Нина Зотина / Медиабанкке өтуЛара Фабиан
Лара Фабиан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Димаштың өкілі танымал әншінің қазақстандық орындаушының музыкалық қабілеті жөнінде сазгерімен сөйлескен әңгімесін ғаламторда жариялады

АСТАНА, 6 ақп — Sputnik. Танымал әнші Лара Фабиан қазақстандық орындаушы Димаш Құдайбергеновтың ерекше даусын естіп тәнті болған екен деп хабарлайды Димаштың өкілі Алпамыс Шаримов. 

"Бүгін бізде қуанышты жаңалық! Димаштың әнін ғаламтордан тыңдаған атақты әнші Лара Фабиан әдемі тілектерін білдірді. Димаштың дауысына таңқалысын жасырмай, кездесуге шақырды!", — деп жазады Шаримов әнші мен сазгер Флабиеннің әңгімесінің скриншотын халық назарына ұсынып. 

Шаримов мұны жариялау үшін екі жақтан да рұқсат сұраған көрінеді.

"Флабиен: Қазақстандық мына әнші жігітті естіп көрдің бе?

Лара: Иә, таңқаларлық!

Флабиен: Оның дауыс мүмкіндігінің кеңдігі өте ғажайып!

Лара: Ән орындау шеберлігі өте биік деңгейде! Мықты дауыс!

Флабиен: Онымен кездессек қалай болады? 

Лара: Неге кездеспеске".

Жаңалықтар
0