АСТАНА, 12 ақп — Sputnik. Павлодарда аты шулы бейнежазбада қызын ұрып соққан әйел апелляциялық шағым түсіруден бас тартты деп хабарлады Sputnik Қазақстан агенттігіне Нұргүл Докуованың адвокаты Гүлмира Сұлтанбекова.
Сұлтанбекованың ақпаратынша, қорғауындағы әйел екенуі облыстық сотқа апеллциялық арыз бермеуге шешім қабылдапты. Яғни, ата-ана құқығынан жарты жылға айырған бірінші инстанция сотының қаулысымен келіскен екен.
Гүлмира Сұлтанбекованың айтуынша, қазір анасы мен қызының қарым-қатынасы жақсарып келеді.
"Сараптама көрсеткендей, жас кіші болғандықтан қыз бала не болғанын ұмытып та кеткен. Керісінше, анасынан жырақта болу балаға кері әсерін тигізуде. Анасы және әпкесімен туыстық байланысы өте тығыз. Айлиннің әкесі келіп-кетіп жүрген, ал әжесі Ресейде тұрады екен. Сол себепті, балабақша да, меткеп те анасының қызымен қалғанын қолдады", — дейді адвокат.