Оқиға

Дәрігерлер Жамбыл облысындағы жол апатында зардап шеккендердің хәлі туралы айтып берді

© Sputnik / Асем МиржекееваЖедел жәрдем
Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ауруханаға түскен 16 зардап шегушінің бесеуі жатқызылған, олардың үшеуі жан сақтау бөлімінде

АСТАНА, 10 ақп — Sputnik. Қалалық ауруханаға 16 зардап шегуші түскен, олардың үшеуі жан сақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер олардың хәлін бір қалыпты деп бағалап отыр.

Автомобиль КАМАЗ - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Жамбыл облысындағы жол апаты: 17 әскери қызметкер зардап шекті

"Бізге 16 зардап шегуші жеткізілді. Барлығына медициналық көмек көрсеттік. 16 адамның бесеуі ауруханаға жатқызылды. Екеуі травматологиялық бөлімде, үшеуі жан сақтау бөлімінде жатыр. Қалғандарын ауыр жарақат алмағандықтан, көмек көрсетіп үйлеріне жібердік. Екі науқасқа операция жасалды. Барлығының жағдайы бір қалыпты", — деп хабарлады №1 қалалық аурухананың бас дәрігері Мавлюда Бокаева Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Әскери қызметкерлер мінген автобус Жамбыл облысындағы тас жолда аударылған. Бастапқы берілген мәлімет бойынша, жол апатына көктайғақ себеп болуы мүмкін. 

Жаңалықтар
0