АСТАНА, 8 ақп – Sputnik. Универсиадаға келіп, қар көшкіннен қаза тапқан ресейлік төреші Алексей Белослудцев әлеуметтік желідегі өзінің соңғы постында Қазақстанның "қонақжай" тауларына тәнті болғанын жазған.
Алексей Белослудцев Алматыдағы Универсиадаға Красноярск қаласынан келген. Ол фристайл делегациясымен келген техникалық төреші болатын. Сейсенбіде күні күндіз құтқарушыларға ресейліктің жолдасы Шымбұлақ тау шаңғысы курортының батыс бөктерінде трассадан тыс сырғанау кезінде қар көшкіні түсіп, астында бір адамның қалып қойғаны туралы хабарлап, көмек сұраған. Белгілі бір уақыт өткеннен кейін құтқарушылар Белослудцевтің денесін тапқан. Ер адам Универсиаданың спорттық трассасының сыртында сырғанап жүрген кезде қаза тапты. Көз жұмғанның жолдасының сөзіне қарағанда олар әдейі сырғанау үшін тыйым салынған орын екенін түсіне отырып, фрирайд жаттығуы үшін қол тимеген қалыптағы тау бөктерін таңдаған.
"Қазақстан таулары өте қонақжай", — деп жазған соңғы рет Белослудцев өзінің Instagram желісіндегі парақшасында.