АСТАНА, 8 ақп — Sputnik. Қазақстандық шаңғышы Сергей Малышев сәрсенбі күні 30 шақырымдық ерлер масс-стартында үшінші орын алды.
Малышев жарыс жеңімпазы Дмитрий Ростовцевтен 0,5 секундқа, күміс жүлдегер Валерий Гонтарь есімді шаңғышыдан 0,2 секундқа қалып қойды.
Қазақстан құрамасы сейсенбі күні кешке Универсиаданың жалпыкомандалық есебінде мерзімінен бұрын екінші орынды иеленді: қазіргі уақытта қазақстандық атлеттер құрамасының қоржынында 11 алтын, 7 күміс және 17 қола медаль бар. Универсиада чемпионы болып Ресей құрамасы танылды, олар 28 алтын, 27 күміс және 14 қола жүлдеге ие.