АСТАНА, 8 ақп — Sputnik. Қазақстан құрамасы сейсенбі күні Алматыдағы қысқы студенттік ойындардың финалситі атанды, жартылай финалда Чехия командасын 4:1 есебімен ұтқан болатын.
"Біз Ресей мен Канада арасындағы матчтың бейнежазбасын қарап, қарсыласты зерттейміз, бұл финалда жалғыз жол – жеңіс. Бұл Қазақстан үшін үшінші финал, қайтсек те жеңу керек!" – деді команданың бас бапкері Сергей Старыгин.
"Бірінші минуттан бастап шабуылды үдету керек, уақыт созудың қажеті жоқ", — дейді бапкер.
Алтын жүлде үшін матч сәрсенбі 8 ақпан күні Алматы уақыты бойынша сағат 15.00-де болады.