АСТАНА, 8 ақп — Sputnik. Швециядағы Бурос қаласында Golden Girl атты қыздар арасындағы бокс турнирі өтті, біздің арулар бұл жарыста 11 медалге қол жеткізді деп хабарлайды ҚР бокс федерациясының баспасөз қызметі.
Қазақстан құрамасы бұл жарысқа бірінше рет қатысып отыр. 22 елден келген 254 спортшы арасында өткен турнирде қазақстандықтар үш алтын, екі күміс және алты қола жүлде жеңіп алды. Біздің қыздарды қолдауға Сидней Олимпиадасының чемпионы, Олимпиадаға дайындау орталығының басшысы Ермахан Ибаримов бірге барған екен.
Golden Girl турниріндегі бірінші алтынды 15 жасар Елдана Талипова ұтты. Жас спортшы Лорен Райан есімді ирландық қарсыласын бірінші раунда жеңген – төрешілер жекпе-жектің 90-шы секундында жеңіс Елданада екендігін мәлімдеді. Сонымен қатар, Надежда Рябец пен Гузаля Садықова.