АСТАНА, 8 ақп — Sputnik. Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады деп хабарлайды "Қазгидромет" метеоқызметі.
Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында боран соғады деп күтіледі, желдің екпіні – 15-20 м/с.
Ақмола облысында – боран, тұман, күндіз желдің екпіні – 15- 20 м/с.
Алматы облысында түнде кей жерлерде тұман болады, Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні – 18-23, ұйытқуы – 28 м/с.
Күндіз Қызылорда облысында кей жерлерде көктайғақ болады, желдің екпіні – 15-20 м/с.
Маңғыстау облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.
Ақтөбе облысында – боран, күндіз желдің екпіні – 18 м/с.
Қарағанды облысында таңертең және күндіз – боран, күндіз кей жерлерде – 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, желдің екпіні – 15-20 м/с.