АСТАНА, 7 ақп — Sputnik. Қазақстандық шаңғышы Анна Шевченко сейсенбі күні 15 шақырымдық классикалық стилдегі шаңғы жарысында қола жүлдеге ие болды, бұл оның Алматыдағы Универсиада алған бесінші медалі.
Қазақстандық ару жарыс жеңімпазы ресейлік Лилия Васильевадан 7,8 секундқа, күміс жүлдегер Анна Нечаявскаядан 5,8 секундқа қалып, мәреге үшінші болып жетті.
Бұдан бұрын Шевченко Алматыдағы Универсиадада екі қола, бір күміс және бір алтын медаль иеленген.