АСТАНА, 7 ақп — Sputnik. Сегізінші сынып оқушысы әлеуметтік желілердегі "Синий кит" тобының тапсырмаларын орындаған деп хабарлайды Жамбыл облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.
"Әлеуметтік желілер мониторингі жасөспірімдерді ойынға тартатын топтардың бар екенін дәлелдеді. Өкінішке орай, Жамбыл облысындағы кәмелеттік жасқа толмаған балалар да осы ойынға тап болған: 8 сынып оқушысы ВКонтакте желісіндегі парақшаның белгісіз бір администраторының нұсқауымен ойынның екі тапсырмасын орындаған, кейбір оқушылар сол парақшаға тіркеліп қана қойған", — деп мәлімет береді прокуратура.
Қазіргі уақытта балалар және олардың ата-аналарымен психологтар жұмыс істеуде, облыс мектептерінде суицидке бейім балаларды анықтау бойынша сынақ жүргізіліп, сондай-ақ түсіндіру жұмыстары атқарылып жатыр.
Прокуратураның мәліметінше, Тараздағы ғаламтор сыныптарын тексеру барысында, балалардың әртүрлі порнографиялық, букмекерлік сайттарға кіру мүмкіндігі бар екендігі анықталған және суицидтік сипаттағы бейнематериалдар да қаралыпты.