Оқиға

Екі қазақстандық оқушы қызды "Синий кит" ойынына тартқан

© Sputnik / Жоомарт Ураимовкомпьютер шнуры
компьютер шнуры - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қыздар әлеуметтік топтардың бірінде "Синий кит" ойыны туралы оң пікір білдірген

АСТАНА, 6 ақп – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында қауіпті "Синий кит" ойынына оқушыларды тартудың екі жағдайы анықталды, деп хабарлады өңірлік прокуратураның баспасөз қызметі. 

"Синий кит" ойыны әлеуметтік желілерде жасөспірімдер арасында таратылып жатыр, оның финалдық кезеңі ойыншының өзіне өзі қол жұмсауы болып табылады. 

Наталья Обердерфер - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Психолог: ата-аналардың "өлім топтарына" қатысты дүрлікпе зиян тигізуі мүмкін

Прокуратурада ақпараттандырғандай, "Синий кит" немесе "Киттер үйі" ойыны ресейлік интернет сегментінде былтыр пайда болып, Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы аумағында тыйым салынған суицидтік топтарының табынушылары арасында кең тарады. 

"Арнайы мониторинг кезінде "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі "Типичный Семск" тобында суицидті насихаттаған болуы мүмкін материалдар анықталған. Өйткені аталған топтың суретінде кеше кешке Семей көшелері мен көпірдің үстінен ұшып бара жатқан киттің суреті пайда болды. Көбінде мұндай сурет өлім ойынын тану символы болап табылады. Паблик пайдаланушылары арасында суицидке апаратын тапсырмаларды орындау туралы пікір таластар туындады. Нәтижесінде 16 жасар оқушы мен 17 жастағы Семей колледжінің студенті ойын туралы оң пікір қалдырған", — деп хабарлады прокуратурада. 

Ведомствоның атап өтуінше, Семей қадағалау органының қызметкерлері кәмелетке толмаған қыздардың парақшаларын жіті тексеріп, жасөспірім қыздардың суицид насихатталатын топқа кіретіндерін анықтаған. 


Жаңалықтар
0