АСТАНА, 7 ақп — Sputnik. Қазақстандық мұражайлар мен театрлардың қай күндері тегін жұмыс істейтіндігі туралы мәдениет және спорт министрлігінің басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлы айтып берді.
2 Қыркүйек 2016, 14:08
Министр сейсенбі күні үкімет отырысында сөйлеген сөзінде 2017 жылдың алғашқы жартысына арналған ведомство жоспары туралы баяндады.
"Бірінші – халықтың мәдениет нысандарына ақысыз кіруін енгізу. Мұражайларға әр айдың үшінші жексенбісінде, ал театрларға жылына төрт рет: 27 наурыз (Дүниежүзілік театр күні), Балаларды қорғау күні, Білім күні, Тәуелсіздік күні тегін кіру мүмкіндігімен қамтамасыз ету ұсынылады", — деді Мұхамедиұлы.
Сонымен қатар, орта мектеп оқушыларының оқу демалысы кезінде театрлар мен мұражайларға тегін баруын қамтамасыз ету де қарастырылады.