АСТАНА, 7 ақп — Sputnik. ІІМ жаңа ережелері бойынша жұмыс кезінде жезл пайдалануды тоқтатқан жол-патрулдік қызметкерлерге жарықты шағылыстыратын жеңдіктер мен қолғаптар беріледі деп хабарлады ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов.
"Жол-патрулдік полиция қызметінде жезл пайдалану алынып тасталғандықтан, өңір әкімдерінің қолдауымен ЖПҚ қызметкерлеріне жарықты шағылыстыратын жеңдіктер, ақ қолғаптар және басқа да нысанды киім элементтерін беру мәселесін шешуді жоспарлап отырмыз", — деді Қасымов үкімет отырысында.
Оның айтуынша, әкімдіктердің қолдауымен ауылдық учаскелік инспекторлар көлігін дауысты ұлғайтқыш құрылғылар және жарық сигналдарымен жарақтандыру жоспарда бар.