Қоғам

Нұрасылдың арманы: ауыр науқасқа шалдыққан бала полицейлермен бірге Астананы аралады

© Photo : предоставлено волонтером проекта "Үміт жолы" Нурасылдың арманы: ауыр науқасқа шалдыққан бала полицейлермен бірге Астаны аралады
Нурасылдың арманы: ауыр науқасқа шалдыққан бала полицейлермен бірге Астаны аралады - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астана полицейлері қатерлі ісікке шалдыққан баланың арманын орындады

АСТАНА, 27 қаң – Sputnik. Қатерлі ісік дертіне шалдыққан бала полицей қызметкері болуды армандайды, ол Астана полицейлерімен бірге патрулдік көлікпен қыдырып, аңсаған арманына қол жеткізді.

Sputnik Қазақстан агенттігіне "Үміт жолы" жобасының еріктісі Жұлдыз Қабдылова әңгімелеп бергендей, бала сегіз жаста, есімі Нұрасыл. Ол қатерлі ісік дертіне шалдығып, елордалық Ана мен бала орталығына емделуге Тараздан келген. 

"Біз ІІД-мен бірге бүлдіршіннің тілегін орындауға тырыстық. Нұрасылдың полицей болуды армандайтынын оның суреттері мен шығармасынан білгенбіз. Балақай суреттерінде патрулдік көлік пен жезлді бейнелеген", — дейді Қабдылова телефон арқылы.

© Photo : "Үміт жолы" жобасының еріктісі ұсынғанНұрасыл полицейлермен бірге Астананы аралады
Нұрасыл полицейлермен бірге Астананы аралады - Sputnik Қазақстан
1/3
Нұрасыл полицейлермен бірге Астананы аралады
© Photo : "Үміт жолы" жобасының еріктісі ұсынғанСегіз жасар Нұрасыл арманын суреттерінде бейнелейді
Сегіз жасар Нұрасыл арманын суреттерінде бейнелейді - Sputnik Қазақстан
2/3
Сегіз жасар Нұрасыл арманын суреттерінде бейнелейді
© "Үміт жолы" жобасының еріктісі ұсынғанНұрасылдың шығармасы
Нұрасылдың шығармасы - Sputnik Қазақстан
3/3
Нұрасылдың шығармасы
1/3
Нұрасыл полицейлермен бірге Астананы аралады
2/3
Сегіз жасар Нұрасыл арманын суреттерінде бейнелейді
3/3
Нұрасылдың шығармасы

Оның айтуынша, қыдыруға көп уақыт кетпеген – шамамен 20 минут, себебі балақай сырқатына байланысты көшеде ұзақ жүре алмайды.

Елордалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жұма күні таңертең бірнеше полицей ауруханада баланы қарсы алып, патрулдік көлікпен қала көшелерін аралатқан. Содан кейін Бәйтеректі көрсетіп, жезл сыйға тартыпты.

"Тәртіп сақшыларымен кездесуге бүлдіршін арнайы тігілген полицей формасын киіп шықты. Қызметкерлеріміз балаға патрулдік көліктің қалай жұмыс істейтінін, жарықтардың қалай қосылатынын, бір-біріне хабарды қалай тарататынын көрсетті. Балақайдың қуанышында шек жоқ еді", — дейді баспасөз қызметінде. 


Жаңалықтар
0