Спорт

Универсиада: Қазақстан командалық эстафетадан екі дүркін күміс жүлдегер атанды

© Photo : официальный сайт Универсиады https://almaty2017.comШаңғы жарысы
Шаңғы жарысы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі уақытта Қазақстан студенттер құрамасы жалпы есепте екінші орында тұр

АСТАНА, 6 ақп — Sputnik. Қазақстандық шаңғышылар Сергей Малышев, Виталий Пухкало, Ринат Мухин және Олжас Климин дүйсенбі күні 4х7,5 шақырымдық эстафетада екінші орынды иеленді.

Анна Шевченко - Sputnik Қазақстан
Спорт
Шевченко жеке жарыстағы қола жүлдесімен қатар командалық күміс медалге ие болды

Қазақстандық квартет жарыстың бірінші және үшінші кезеңінде бірінші болып келе жатқан: бастапқыда Сергей Малышев ресейлік Егор Березинді 0,5 секундқа озды, екінші кезеңнен соң ресейліктер 7,9 секундқа алға шықты. 

Кейін қазақстандық Ринат Мухин Кирилл Вычужанинді озып, қоманданы 0,3 секундқа оздырғанымен, соңғы аралықта Дмитрий Ростовцев басымдықты қайтарып алып, отандастарын жеңіс тұғырына көтерді.

Қазіргі уақытта Қазақстандық құраманың 10 алтын, 5 күміс, 10 қола жүлдесі бар. Ал Ресей елі 20 алтын, 20 күміс және 12 қола медалмен әлі де бірінші орында келе жатыр.   

Жаңалықтар
0