Спорт

Шевченко жеке жарыстағы қола жүлдесімен қатар командалық күміс медалге ие болды

© Sputnik / Анатолий УстиненкоАнна Шевченко
Анна Шевченко - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық студенттер құрама командасының қоржынында 10 алтын, 4 күміс және 10 қола жүлде бар

АСТАНА, 6 ақп — Sputnik. Қазақстандық үш шаңғышы қыз – Анна Шевченко, Ольга Мандрика және Ирина Быкова дүйсенбі күні 3х5 шақырымдық командалық эстафетада күміс медалге ие болды. 

Галина Вишневская - Sputnik Қазақстан
Спорт
Универсиада: Қазақстан биатлоншылары соңғы аралықта алтыннан айырылып қалды

Қазақстандықтар үш кезеңде де ресейлік әріптестерінің соңынан екінші болып ілесті. Үшінші орынды жеңімпаздардан 2 минутқа қалып қойған француз арулары иеленді. 

Қазақстандық шаңғышы Шевченко үшін бұл медаль осы Универсиададағы төртінші жүлде. Сонымен Қазақстан құрамасы қоржынындағы 10 алтын, 4 күміс және 10 қоламен жалпы есепте екінші орында тұр. Ал, бірінші болып Универсиадада 20 алтын, 20 күміс және 12 қола иеленіп үлгерген Ресей құрамасы келе жатыр. Үшінші орын кәрістерге тиесілі: 7 алтын, 3 күміс және 3 қола медаль.    

Жаңалықтар
0