АСТАНА, 5 ақп — Sputnik. Құрамында Галина Вишневская, Дарья Усанова, Василий Подкорытова және Антон Пантов жарысқан қазақстандық биатлон квартеті жексенбі күні аралас эстафетадан екінші орынды иеленді.
Қазақстандық квартетте қыздарымыз соңынан қуып келе жатқан Ресей құрамасынан 1 минут 26,1 секундқа алға шығарғанымен, жігіттер оқ ату кезінде қателесіп, нәтижесінде ресейліктерден 30,6 секундқа қалып қойды.
Сөйтіп, Ресей құрамасы алтын жүлдегер атанып, жалпы есептегі алтын медалдер санын 17-ге дейін арттырды. Ал Қазақстан ұлттық құрамасында 10 алтын, 3 күміс және 9 қола жүлде бар.