Спорт

Денис Тен Қазақстан қоржынын оныншы алтын жүлдемен байытты

© Sputnik / Сергей КимДенис Тен
Денис Тен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақтсандық мәнерлеп сырғанаушы қысқа және еркін бағдарламалар бойынша жалпы саны 266.97 ұпай жинады

АСТАНА, 5 ақп – Sputnik. Кеше "Алматы Аренада" ерлер арасында жекелеген разряд бойынша мәнерлеп сырғанау жарысы өз мәресіне жетті. Дүниежүзілік студенттік ойындардың фавориті Денис Тен еркін бағдарламада да алдына жан салмады.

Дмитрий Рейхерд - Sputnik Қазақстан
Спорт
Универсиада: Галышева мен Рейхерд параллель могулды жеңіп алды

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы қысқа бағдарламадан соң 94.91 ұпаймен көш бастап тұрса да, еркін бағдарламада бірде-бір ағаттық жібермеуі тиіс болатын. 

Еркін бағдарлама кезеңінде жүлделі орынға ойламаған жерден швециялық Майоров шықты, ол өзінің қойылымымен үздік үштікте келе жатқан ресейлік Артур Дмитриевтен озып кетті.Теннің басты қарсыласы жапондық  Кейджи Танака 252.09 ұпаймен екінші орынды иеленді. Еркін бағдарлама көрсеткіші бойынша Майоровтан кем түскенімен, жалпы ұпай есебінің арқасында күміс жүлдегер атанды.

Денис Тен ақтық қойылымында бір-екі болмашы қателіктер ғана жіберіп, ең бастысы, тәсілдерді орындау барысында құлап түскен жоқ. Нәтижесінде қазақстандық еркін бағдарлама бойынша ең үздік атанып, Универсиаданың алтын медаліне қол жеткізді.  

Жаңалықтар
0