АСТАНА, 6 ақп — Sputnik. Кремль Fox News телекомпаниясы тілшісінің РФ президенті Владимир Путинге тіл тигізуіне байланысты кешірім сұрауын күтеді деп мәлімдеді Ресей басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков деп жазады РИА Новости.
Fox News тілшісі Путинді "қанішер" деп атаған.
"Fox News тілшісі тарапынан мұндай сөздерді орынсыз тіл тигізу деп қабылдаймыз. Шындығын айтқанда, осындай құрметті телекомпанияның президенттен кешірім сұрағанын қалаймыз", — деп мәлімдеді Песков тілшілерге.
Fox News телеарнасының жүргізушісі Билл О'Рейлиге берген сұхбатында Трамп Ресей президентін құрметтейтіндігін айтты. Тілші Батыстың Мәскеу мен Путинге таққан айыптарын еске салғанда, америкалық лидер "Қалай ойлайсыз? Біздің ел сондай аңғал ма?" деп қарсы сұрақ қойды. Трамптың айтуынша, АҚШ-тың Ресеймен "дос болғаны жөн". Оның сөзіне сүйенсек, Мәскеу АҚШ-қа ИМ-не қарсы күресте көмек көрсетсе, "жақсы" болар еді. Алайда Дональд Трамп Путинмен тіл табыса ала ма, жоқ па білмейді екен.