АСТАНА, 15 жел — Sputnik. Forbes америкалық журналы әлемдегі ең беделді адамдардың жыл сайынғы рейтингін жариялады, бірінші орынды Ресей президенті Владимир Путин осымен төртінші жыл иеленіп отыр деп жазады РИА Новости.
"Әлемнің ең беделді адамы, осымен қатарынан төртінші рет – Ресей президенті – өз елінің ықпалын жер шарының түпкір-түпкіріне дейін жеткізеді", — делінген журналда.
Рейтингтің екінші орнында – АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамп, үшінші орында – ГФР канцлері Ангела Меркель, ол 2015 жылы екінші орынды иеленген.
Төртінші орынды ҚХР төрағасы Си Цзиньпин, ал бесінші орынды – Рим папасы Франциск алды.
Рейтингке енген өзге де тұлғалар қатарында: Microsoft негізін қалаушысы Билл Гейтс (7 орын), Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди (9), Facebook негізін қалаушы Марк Цукерберг (10), БҰҰ жаңадан сайланған бас хатшысы Антониу Гутерриш, Филиппин президенті Родриго Дутерте (70), лаңкестік топ "Әл-Каида" (көптеген елдерде тыйым салынған) басшысы Айман аз-Завахири (71).