Әлем

Иранға қарсы АҚШ санкцияларынан соң мұнай қымбаттады

© AP Photo Мұнай
Мұнай - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Иран орташа қашықтыққа арналған баллистикалық зымырандарды сынақтан өткізген соң АҚШ санкциялар ауқымын кеңейтті

АСТАНА, 6 ақп — Sputnik. АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларының ауқымы кеңеюіне байланысты мұнай бағасы артуда деп хабарлайды РИА Новости сауда-саттық деректеріне сілтеме жасап.

Мұнай алу - Sputnik Қазақстан
Экономика
ҚР энергетика министрлігі Қазақстанда мұнай алу көлемін қысқарту туралы баяндады

Астана уақытымен сағат 11:18-дегі ахуал бойынша, солтүстіктеңіздік Brent мұнай қоспасына сәуір фьючерстерінің бағасы 0,35%-ға артты – барреліне 57,01 долларға дейін. WTI мұнайына наурыз фьючерстерінің бағасы да 0,35%-ға артты – барреліне 54,02 долларға дейін.

Иран 29 қаңтарда орташа қашықтыққа ұшатын баллистикалық зымырандарды сынақтан өткізген еді. Бұған жауап ретінде Вашингтон санкциялар тізімін кеңейтіп, 13 жеке тұлғаның есімін енгізді. Бұл – Иран, БАЭ, ҚХР, Кувейт және Ливан елдерінің азаматтары. Сонымен қатар, тізімде Иран, Ливан, ҚХР және БАЭ елдерінде орналасқан 12 компанияның атауы бар. Санкция баллистикалық ракеталар құрастырушы иран бағдарламалары мен "Хезболлах" ливандық шейіттер тобын қолдауды да қамтиды.  

Жаңалықтар
0