Оқиға

Полиция Шымкенттегі студенттік жазалаудың қатысушыларын тапты

© Еркен СалиховҰялы телефон
Ұялы телефон - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шымкент полициясы жас жігітті азаптау ісін тергеуде

АСТАНА, 6 ақп — Sputnik. Шымкент полициясы бозбаланы айуандықпен жазалау сәті түсірілген бейнежазбаның "кейіпкерлерін" анықтады деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Теңге - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Сарыағашта букмекерлік кеңсенің тоналуы жалған болып шықты

Полиция анықтағандай, оқиға 29 қаңтар күні жалдамалы пәтерде болған. Жәбірленуші – Сарыағаш ауданының тұрғыны, автотехникалық колледждің 4 курс студенті, 1997 жылы туылған бозбала. Тергеусіз соттың ұйымдастырушысы ұсталды – 1999 жылы туылған, КТУ-нің екінші курс студенті. Ол 2015 жылы адам денсаулығына қасақана ауыр зақым келтіргені үшін екі жылға бас бостандығынан айырылған екен, қазіргі уақытта үш рет ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. 

Оқиғаны тергеу барысында 20 жасар жәбірленуші мұның жай ғана ойын екендігін айтып, полицияға шағым түсіруден бас тартты. Полицейлер істің мән-жайын айқындауда. Күдікті ата-анасының кепілдігімен босатылды. Тексеру жалғасуда. 

Жаңалықтар
0