АСТАНА, 6 ақп – Sputnik. Қазақстанның төрт облысындағы жолдарда боранға байланысты автокөлік қозғалысы жабылды, деп хабарланады ТЖ комитетінің сайтында.
Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына (қар, бұрқасын, боран және жолдын дұрыс көрінбеуі) байланысты республикалық маңызы бар "Самара-Шымкент" жолының 615 шақырымынан (Қобда ауылының тұсы) және 526 шақырымына дейінгі (Батыс Қазақстан облысы шекарасына дейін) аралықта сондай-ақ "Ақтөбе-Астрахань" жолының (Шұбарқұдық ауылы тұсы) 11 шақырымынан бастап Атырау облысы шекарасына дейінгі 330 шақырым аралығында барлық автокөлік түрлерінің қозғалысы шектелді. "Донское-Бадамша" (6-45 шақырымдар), "Петрапавловка-Хазретовка" (0-36 шақырымдар), "Ақтөбе-Родниковка-Мәртөк" (5-93 шақырымдар), "Шұбарқұдық-Ойыл-Қобда-Соль-Илецк" (0-371 шақырымдар), "Покровка-Темір-Кеңқияқ-Ембі" (0-175 шақырымдар), "Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық" (2-190 шақырымдар) автожолдары жабылды.