Өңірлер

Қазақстанда 6 ақпаннан бастап ауа температурасы көтеріледі деп күтіледі

© AP Photo / Sergei GritsАстана көрінісі
Астана көрінісі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еліміздің басым бөлігінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді

АСТАНА, 6 ақп – Sputnik. Қазақстанның солтүстік-батыс бөлігі  және шығысы арқылы атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашынды болады, деп хабарлайды Қазгидромет метеоқызметі. 

"Циклон тылында суық антициклон басталады, онымен бірге республика аймағында жауын-шашынның тоқтауы және ауа температурасының климаттық нормадан 3-5ºС-ға төмендеуі күтіледі. Алайда, бұл салқындау аз уақыт қана болады, өйткені, келесі циклон 6 ақпан күні Қазақстанның батысына бет алады, онымен бірге температура қайта көтеріледі", — делінген хабарламада. 

Аяз, қыс - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Астанада 1-4 сынып оқушылары сабақтан босатылды

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Қарағанды, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде  тұман күтіледі. Батыс Қазақстан,  Ақтөбе, Қостанай, күндіз Ақмола облыстарының кей жерлерінде  жел 15-22 м/с күшейеді, бұрқасын болады.

Атырау облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі,  түнде жел 15-20 күшейеді. Солтүстік Қазақстан  облысының  кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұрқасын, тұман болады.

Шығыс Қазақстан облысының  кей жерлерінде тұман күтіледі, түнде  жел 15-20 күшейеді. 


Жаңалықтар
0