Өңірлер

Жексенбі күні Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуТұман
Тұман - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның басым бөлігінде, синоптиктердің болжауынша, жауын-шашын жауады

АСТАНА, 5 ақп – Sputnik. Қазақстан аумағында құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде қар жауып, оңтүстік-батыс пен орталықта ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, боран болып, жел күшейеді деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖ жөніндегі комитеті сайтында.

Күре жол - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қазақстанның кейбір облыстарында жолдар жабық

Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Ақтөбе облысында кей жерлерде боран соғады, желдің екпіні 15-20 м/с. Қызылорда облысында, түнде Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі.

Жамбыл облысында кей жерлерде – тұман, көктайғақ, боран, желдің екпіні 15-20 м/с. Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ болады.

Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с. Атырау облысында кей жерлерде – тұман, көктайғақ, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысында кей жерлерде сиоптиктер боран, тұман, желдің екпіні 15-20 м/с болады деп болжайды. Павлодар облысында кей жерлерде боран, желдің екпіні 15-20, түнде ұйытқуы 25 м/с. Қарағанды облысында кей жерлерде – тұман, желдің екпіні 15-20 м/с. 

Жаңалықтар
0