Өңірлер

Қазақстанның кейбір облыстарында жолдар жабық

© Photo : Пресс-служба АО "НК "КазАвтоЖол"Күре жол
Күре жол - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ауа райының нашарлауына байланысты жолдар жабылды

АСТАНА, 4 ақп – Sputnik. Бірнеше облыстың автожолдарында көліктің барлық түріне қозғалыс тоқтатылды, деп хабарланады ҚР ІІМ ТЖ комитетінің ресми сайтында. 

Жамбыл облысында  ауа райының нашарлауына байланысты (бұрқасын, жолдың көрінбеуі) республикалық маңыздағы "Алматы- Ташкент"  күре жолының учаскесінде (534-593 км) көліктің барлық түрі үшін қозғалыс тоқтатылды.

Оңтүстік Қазақстан облысында  ауа райының нашарлауына байланысты (бұрқасын, жолдың көрінбеуі) республикалық маңыздағы "Термез- Алматы- Ташкент"  күре жолының учаскесі (534-593 км) көліктің барлық түрі үшін жабық.

Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына байланысты (бұрқасын, жолдың көрінбеуі)  республикалық маңыздағы "Қандыағаш-Эмбі-Шалқар-Ырғыз" (92-257 км, Эмбі қ. —Шалкар қ.) тас жолында көліктің барлық түрі үшін қозғалыс тоқтатылды.


Жаңалықтар
0