АСТАНА, 3 ақп – Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елдің әрбір ірі кәсіпорнындағы жергілікті қамтуды көтеруді тапсырды.
"Үкіметке, әкімдердің бәріне бизнеспен бірлесіп әрбір ірі кәсіпорын бойынша жергілікті қамтуды ұлағайтудың нақты мақсатты көрсеткіштерін белгілеуді тапсырамын. Қажет болса премьер-министр бұл ірі кәсіпорындардың иелері мен басшыларын жинап, менің атымнан және өз атынан осы тапсырманы беруі тиіс. Содан кейін орындамай көрсін", — деді Назарбаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Елбасы атап өткендей, қазақстандық тауарөндірушілер бұйымның сапасын арттырып, бәскекеге қабілетті етуі керек.