АСТАНА, 3 ақп – Sputnik. Қазақстандық биатлоншы Галина Вишневская жұма күні пасьют жарысынан (ізге түсу) шеттетілді, өйткені екінші оқ ату аралығында қателік жіберді.
10 шақырымдық классикалық ізге түсу жарысында қатысушылар төрт рет оқ атады, алғашқы екі аралықта – жатып атса, қалған екеуінде тұрып атуы тиіс.
Вишневская жұма күні пасьют жарысында екінші ату аралығында нысананы тұрған қалпында көздейді, шын мәнісінде жатып атуы керек болатын. Өкінішке орай, спортшы жарыстың тәртібін бұзғаны үшін шеттетілді, әйтпегенде пасьютте қарсыластарынан оқ бойы алда келе жатқан еді.