Оқиға

Украиндық сноубордшы Универсиадада жарақат алды

© Sputnik / Анатолий УстиненкоШымбұлақта
Шымбұлақта - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Украинадан келген спортшы Тарас Бигус Универсиада аясында сноуборд бойынша жарыстар қарсаңында жаттығу кезінде мойнын жарақаттап алды, оны тікұшақпен 20 минут ішінде ауруханаға жеткізді.

АСТАНА, 2 ақп — Sputnik. Ауыр жарақат алған украиналық спортшыны Тарас Бигусты Шымбұлақтан жедел түрде тікұшақпен қалалық ауруханаға жеткізді, деп хабарлады  Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметінен. 

Бейсенбіде 23 жасар Бигус есімді украиналық сноубордшы 28-ші қысқы Универсиаданың ресми жаттығуы кезінде ауыр жарақат алды. ТЖД мәліметінше, сноубордшы жоғарыдан түсіп келе жатып, сәтсіз құлап арқасымен шүйдесін жарақаттап алған.

"Дәрігерлер мен құтқарушылар жедел әрекет етіп, жарақат алған спортшыны бірнеше минуттың ішінде түсірді. Төменде оны жедел жәрдем каретасы күтіп тұрған, ол тікұшақ алаңына дейін жеткізді. Алматы қаласының Құтқару қызметі мен ІІМ ТЖК Апат медицина орталығының мамандары және құтқарушылар спортшыны тікұшақпен Алматының № 7 ауруханасына 7 минутта жеткізді, оған аураханада алғашқы жәрдем көрсетіп, компьютерлік томография жасады", — деді мамандар.

Жарақат алған спортшыны оқиға орнынан ауруханаға жеткізуге 20 минут уақыт кеткен. 


Жаңалықтар
0