Саясат

Елбасы әкімдердің жалқаулығын сынады

© Photo : Официальный сайт президента Республики КазахстанНұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұрсұлтан Назарбаев әлеуметтік жобаларға жеке меншік инвестицияларды жұмылдырғысы келмейтін әкімдерге сын айтты

АСТАНА, 3 ақп – Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлеуметтік жобаларға жеке меншік инвестицияларды тарту бойынша тәжірибе алу үшін "көрші облысқа баруға" ерінетін әкімдерді сынға алды. 

"Жақсы бір қайнар көз – жеке меншік инвестицияларды әлеуметтік мәселелерді шешуге жұмылдыру. Кейбір облыстар мен өңірлерде жүздеген шағын балабақшалар мен мектептер ашылды, ал басқа жақта ештеңе жасалып жатқан жоқ. Мұнда барлық әкімдер отыр. Көрші облысқа барып, не болып жатқандығын көруге де ерінеді. Мемлекеттік инвестицияға ғана иек артып, өздері түк бітірмейді", — деді Елбасы үкіметтің кеңейтілген отырысында.

"Экономика министрі – мемлекет пен үкімет үшін тың ойлар мен ұсыныстар айтатын штаб. Түсіндің бе? Жас министр болсаң да, білімің мен тәжірибең жетеді деп ойлаймын", — деді президент жаңа ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовке.

Данияр Акишев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев Ақышевқа: батыл әрекет ет, ешкімнен қорықпа

Сонымен қатар, отырыста қаржы министрі Бақыт Сұлтанов баяндама жасап, мемлекеттік бюджеттің шығындары мен қаржының игерілуі туралы айтып берді. 

"Игеру" деген термин бар. Жыл бойы қаражатты пайдаланбайды да, жыл соңында игерілмеді деген сөз шықпас үшін, қараша-желтоқсан айларында жанталасып жұмсай бастайды. Бюджетті қорғау кезінде барлық министрліктер "бізге беріңіз, бізге беріңіз" деп сұрайды", — деді Елбасы.

Мемлекет басшысының пікірінше, мұндай игеру "талаптардың негізсіз" болғандығын көрсетеді. 

Жаңалықтар
0