АСТАНА, 3 ақп – Sputnik. Денсаулық сақтау және ауыл шаруашылығы басқармаларының екі шенеунігі Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында жемқорлық құқықбұзушылық жасады деген күдікке ілінді деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі.
Дәлірек айтқанда, Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Марат Оңғарбеков пен Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марал Қадыр жалпы қорғаншылық жасағандары үшін қол астындағыдар мен кәсіпкерлерден пара алып отырған.
Ведомство атап өткендей, Оңғарбеков пен Қадыр айыптарын толығымен мойындады. Олардың өтінішімен Ұлттық бюрода күдіктілерге қатысты сот алды тергеу ісі тездетілген режимде жүргізілетін болады.