Оқиға

БАҚ: Rolls-Royce Қазақстан шенеуніктеріне пара бергенін мойындады

© Sputnikпара
пара - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Rolls-Royce компаниясы Қазақстанда және өзге елдерде шенеуніктерге пара бергенін мойындады

АСТАНА, 19 қаң – Sputnik. Rolls-Royce Қазақстанды қосқанда алты елде шенеуніктерге пара берді деген айыпқа қатысты мәселені реттеу үшін 800 миллион доллардан астам қаражат төлейді, деп хабарлайды Business Standard порталы. 

"Rolls-Royce Plc компаниясы он жылдан астам уақыт бойы әрекет еткен схемалар бойынша, алты елде шенеуніктерге пара берді деген айыпқа қатысты мәселені реттеу үшін үкіметке 800 миллион доллардан астам қаражат төлеуге келісті, деп мәлім етті сейсенбіде АҚШ әділет департаменті және Ұлыбританияның ірі алаяқтықтармен күрес басқармасы. Компания Қазақстан, Таиланд, Бразилия, Әзербайжан, Ангола және Ирактың мемлекеттік энергетикалық компанияларының лауазымды тұлғаларына келісім-шарттарды жеңіп алу үшін 35 миллион АҚШ долларынан астам қаражат бергенін мойындады", — делінген Business Standard порталы келтіріп отырған Әділет министрлігінің хабарламасында. 

Мәлімдемеде компанияның бас атқарушы директоры Уоррен Ист парақорлық схемасы үшін кешірім сұрады. 


Жаңалықтар
0