Өңірлер

Жұма күні Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде синоптиктер жауын-шашын түседі деп болжайды

© Sputnik / Анатолий Устиненкоқар
қар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

АСТАНА, 3 ақп — Sputnik. Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы сақталады, кей жерлерде қар жауады, республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығысында жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, бұрқасынмен желдің күшейуі күтіледі, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі. 

Боран - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қазақстанда ақпанның басында ауа райы нашарлайды

Қостанай облысының  кей жерлерінде, жаяу бұрқасын,  кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді,тұман болады. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман болады.

Атырау, Батыс Қазақстан  облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с күшейеді. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, Жамбыл облысының кей жерлерінде, Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Маңғыстау облысының кей жерлерінде  көктайғақ, бұрқасын  болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Ақтөбе облысының  кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады, жел 18 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан  облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, түнде және таңертең туман болады, жел 15-20 м/с күшейеді.


Жаңалықтар
0