АСТАНА, 1 ақп — Sputnik. Қар мен боран ақпанда да жалғасады, деп хабарлады "Қазгидромет" метеоқызметі.
"Циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар көптеген облыстарда қар жаудырып, боран соқтырып, көріну қашықтығын 500 метрден кем төмендетіп, желдің күші 15-20 м/с дейін, солтүстік облыстарда желдің екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді", — делінген хабарламада.
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлері сондай-ақ фронттардың, бірақ оңтүстік циклонмен байланысты фронттар аймағында болады. Сондықтан мұнда негізінен, жауын-шашын болып, қар жауып, тұман басып, күшті батыс желі кейде 23-28m/с жетіп, температура төмендеп, көктайғақ күтіледі, қар мен тұманның салдарынан көріну 200-500 м дейін қысқарады