Оқиға

Астананың жолында төбелескен автобус жүргізушісі жұмыстан шеттетілді

© Sputnik / Солтан ЖексенбековАвтобус
Автобус - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жолда джип жүргізушісінің апаттық жағдай жасауы салдарынан автобус жүргізушісі және джип жолаушысы арасында туындаған даудан кейін төбелес шыққан.

АСТАНА, 2 ақп — Sputnik. Мәңгілік ел көшесі бойында 1 ақпанда туындаған дауға қатысы бар  №70 автобустың жүргізушісі мен кондукторы жұмыстан шеттетіліп, тәртіптік жауапқа тартылатын болады, деп хабарлады Астана әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Әкімдіктің ақпаратына сәйкес, көліктік бақылау қызметі тарапынан бұл оқиғаға қатысты мән-жайды анықтау жұмыстары жүргізілген.  №6 автобус паркіне тиесілі мемлекеттік көмірі 2631 DE №70 бағдарлық автобустың жүргізуші Қ.Қалбеков пен кондуктор С.Орынбеков түсініктеме алу үшін шақырылған. 

Әсет Исекешев - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Исекешев Астана автобус жүргізушілерінің іс-әрекеттерін сынға алды

Жүргізушінің айтуынша, 1 ақпан күні сағат 20,15-те Мәңгілік ел көшесімен келе жатқанда Nissan Terrano маркалы көлік жолын өрескел қиып апатты жағдай туындатқан. Осы кезде тежегішті бірден басып қалған автобус жүргізушісіне жолаушылар наразылық танытқан.

"Қ.Қалбеков Nissan Terrano автомобилін басып озып, алдынан орағытып тоқтаған және автобустан шығып, жол талғамайтын көлікке барған. Nissan Terrano көлігінің рулінде отырған әйел адам Қ.Қалбековпен дауласа кеткен. Осы кезде әйелдің жанында отырған жолаушы дауға араласқан. Қалбековтің айтуынша, ол дауға араласқан адамды итеріп жіберген. Ал ол Қабылбековтің бетін бір соққан. Содан төбелес басталған", — дейді Көліктің бақылау қызметінен. Жол жалғамайтын көліктің жүргізушісі мен оның жолаушысы өздерінің апатты жағдай туындатқандықтарын мойындап, автобус жүргізушісінен кешірім сұраған.

Мұны №6 автобус паркінің кондукторы Орынбеков те өзінің түсініктемесінде атап өткен. "Nissan Terrano маркалы көліктің жүргізушісі мен жолаушысы туралы ақпарат болмағандықтан оқиғаның мән-жайын толықтай ашу мүмкін болмай отыр. Дегенмен, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін және жүргізуші Қабылбеков пен кондуктор Орынбековтың тарапынан өрескел қателіктер жіберілгендігін ескеріп, жұмыстан шеттетілді және тәртіптік жазаға тартылатын болады", — деп хабарлады әкімдіктен. 

Астана - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қызуқанды жігіттер: автобус шопыры мен джип иесі Астана көшесінде төбелесіп қалды

Сондай-ақ таратылған ақпаратта аталған оқиғаға байланысы автобус жүргізушісі мен кондуктордың Есіл аудандық ішкі істер бөліміне жауап алуға шақырылғандығы айтылған.

Еске салайық, елорданың Мәңгілік ел көшесі бойындағы қоғамдық автобус пен жол талғамайтын көлік жүргізушілерінің төбелесіне байланысты қалалық ішкі істер департаменті тергеу амалдарын жүргізіп жатқандығын бұған дейін хабарланған.


Жаңалықтар
0