АСТАНА, 2 ақп – Sputnik. Джип пен жолаушылар автобусының жүргізушілері жолға таласып, елорда көшесінің қақ ортасында төбелесіп қалды деп хабарлайды Астана ІІД баспасөз қызметі.
Полицейлер 1 ақпан күні сағат 21.00-де Мәңгілік ел көшесі бойында болған оқиға бойынша тексеру жүргізуде. Бастапқы тергеу мәліметіне сүйенсек, автобус шопыры түсініктеме бергендей, джип иесі автобусқа жол бермегендіктен, апаттық жағдай туындаған көрінеді. Нәтижесінде екеуі кикілжіңге келеді. Полицияға ешқайсысы шағым түсірмеген. Тексеру жалғасуда.