АСТАНА, 2 ақп – Sputnik. Қазақстандық Дмитрий Рейхерд отандасы Юлия Галышеваның соңынан фристайлдан могул жарысы бойынша Алматыдағы Қысқы студенттік ойындардың чемпионы атанды.
Рейхерд ақтық кезеңде 79,94 ұпай жинаса, екінші орынды иеленген Сергей Шимбуев 79,11 ұпай алған. Қола жүлдегер қазақстандық Павел Колмаков 76,95 ұпайға қол жеткізген.
Қазіргі уақытта Қазақстанның медалдер қоржынында бес алтын, екі күміс, бес қола жүлде бар.