АСТАНА, 2 ақп – Sputnik. Қазақстандық Юлия Галышева бейсенбі күні қазақстан құрамасына фристайлдан алғашқы, жалпы есепте төртінші алтын медалді әкелді.
"Могул" жарысында Галышева 73,80 ұпаймен жеңімпаз атанды. Екінші орынды ресейлік Анастасия Первушина 61,13 ұпаймен, үшінші орынды Австрия спортшысы Катарина Рамзер 52,05 ұпаймен иеленді.
Бұдан бұрын бейсенбі күні Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір алтынмен байыған еді, биатлоншы Галина Вишневская 7,5 шақырымдық жарыста топ жарған болатын.